Lineartronic

Lineartronic трансмиссиясы – сериялы түрде шығарылатын автокөлікке орнатылатын шынжырлы типті тігінен орналасатын бірінші сатысыз вариаторлық трансмиссия. Бұл Subaru BOXER қозғалтқышының жатық қуатын берудің тамаша механизмі және Subaru симметриялы толық жетек жүйесін сенімді басқару. Lineartronic трансмиссиясы қозғалыстың бірқалыпты болуын және берілістердің қандай да бір ауысуының жоқтығын сезіндіреді.

Белдіктің орнына шынжырды пайдалану беріліс қатынастарының ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде динамиканың жақсаруына, жанармай шығынын азайтуға және акселератор педалінің жүргізушінің басқару әрекеттеріне жауап реакциясының жылдамдығын арттыруға қол жеткізілді. Сонымен қатар, бұрынғыдан ықшам конструкция жүргізуші мен алдыңғы жолаушының аяқтарына арналған кеңістікті ұлғайтуға мүмкіндік берді. Lineartronic жоғары қуат пен жанармайды үнемдеудің тамаша теңгеріміне қажетті жағдайды жасай отырып, қозғалтқыштың автокөліктің қозғалыс жылдамдығы үшін барынша қолайлы режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл трансмиссияның баптауын ерекше атап өткен жөн, ол акселератор педалінің мардымсыз орын қозғалысына жедел жауап беруді қамтамасыз етеді, бұл Subaru компаниясының жақсы дәстүрлері бойынша қозғалыстағы теңгерім мен сенімділіктің бейнесі болып табылатын автокөлік жасап шығуға мүмкіндік берді.

icon icon icon icon icon

www.astana.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.